Әр бала – жеке тұлға!
Топта 25
-ға дейін
2 жастан 6 жасқа дейін
балаларды қабылдаймыз

Консультациялық пункт

Жұмыс кестесі

Консультация материалдары 

Құрметті ата-аналар!

Сіздің балаңыз әлі балабақшаға бармайды ма?

Сондықтан бұл ақпарат Сіз үшін!

Әсіресе сіз үшін КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ

өз жұмысын бастады 

Консультациялық пункт құру мақсаты:

Мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету, отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналардың (заңды өкілдердің), оның ішінде денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру, ата-аналарға (заңды өкілдерге) және мектеп жасына дейінгі балаларға білікті психологиялық-педагогикалық көмек көрсету. 

Консультациялық пункттің міндеттері:

Ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық көмек көрсету және баланы тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелерінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру; Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы проблемаларды тану, диагностикалау; Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге жәрдемдесу; Мектепке бару кезінде тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етуде мекемеге бармайтын балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) консультациялық көмек көрсету; Ата-аналарды (заңды өкілдерді) балаға оның жеке ерекшеліктеріне сәйкес білікті көмек көрсететін білім беру жүйесінің мекемелері туралы хабардар ету.

Байланыс телефоны: 62-52-71 

Отбасылармен жұмыс жөніндегі консультациялық пункттің жұмыс кестесі

Апта күндері

 

Жұмыс уақыты

Жұмыс формасы

Жауаптылар

айдың 1-ші сәрсенбісі

13.00-15.00

Ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кеңес беру (жеке,топтық)

Меңгеруші, әдіскер, мамандар, медицина қызметкері

айдың 2-ші сәрсенбісі

13.00-15.00

Ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне арналған оқыту сабақтары (жеке, топтық)

Меңгеруші, әдіскер, мамандар, медицина қызметкері

айдың 3-ші сәрсенбісі

13.00-15.00

Балалармен бірлескен іс-шаралар

Меңгеруші, әдіскер, мамандар, медицина қызметкері

айдың 4-ші сәрсенбісі

13.00-15.00

Ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне арналған семинарлар, дәрістер, тренингтер және т. б (жеке, топтық)

Меңгеруші, әдіскер, мамандар, медицина қызметкері

Мақаланы құрған күні 20.10.2023 08:56

Мақаланы жаңартқан күні 26.10.2023 15:47

На главную