Әр бала – жеке тұлға!
Топта 25
-ға дейін
2 жастан 6 жасқа дейін
балаларды қабылдаймыз

25 қазан Қазақстан Республикасының күні

13 жылдан бері тойланбаған Республика күні биыл мемлекеттік мереке ретінде қайта енгізілді. 25 қазан – еліміз үшін маңызды күндердің бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы еді.

Қазақстан Республикасы күніне орай «Еркем-ай» бөбекжай-бақшамызда 17.10.-21.01.2022 ж. аралығында «Гүлденіп, жырлай бер Қазақстаным!» тақырыптық апталығын өткіздік.

Іс-шаралардың мақсаты: Қазақстан халықтарының патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін, тарихи өткеніне мақтаныш сезімін арттыру.

Апталық әнұранның орындалуымен және «Біз өз Отанымыздың патриотымыз» әңгімесімен басталды.

Бөбекжай-бақша тәрбиеленушілері «Қазақстанның болашағы менің көзіммен» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. Мереке қарсаңында «Менің қаламның ескерткіштері» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Балалар ескерткіштердің жанында түскен отбасылық фотосуреттерді ұсынды. Одан кейін Қазақстан Республикасы күніне арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты заманауи құттықтау флешмобы, «Сүйікті Республикам» интеллектуалдық-танымдық ойыны ұйымдастырылып, өткізілді.

16.05.2023
Қаралым саны: 191

Мақаланы құрған күні CREATE_DATE

На главную