8 наурыз мерекесі қарсаңында бөбекжай-бақшамызда аналарға, әжелер мен қыздарға арналған «Біздің сұлу аруларымыз» атты ертеңгілік өтті.
Мерекенің мақсаты – әйелге, қызға қамқорлық жасау дәстүрлерін қолдау, отбасы іргетасын бекіту, біздің өміріміздегі басты тұлға – аналардың маңыздылығын атап өту, анаға және әжелерге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Мерекеге әжелер, аналар, бөбекжай-бақша қызметкерлері қатысты.
Балалар үлкен ыждағаттылықпен аналар мен әжелер үшін өнер көрсетті.
Балалар өздерінің билерімен, әндерімен, күйлерімен аналар мен әжелерге жылы лебіздерін, мейірім мен ілтипаттарын сыйлады. Балаларының өнерін тамашалаған көптеген аналардың көздеріне жас алды. Мерекенің атмосферасы қатысушылардан көрермендерге үлкен жылулықпен және салтанатпен өтті.