Әр бала – жеке тұлға!
Топта 25
-ға дейін
2 жастан 6 жасқа дейін
балаларды қабылдаймыз

Наурыз

Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз жыл басы күн ұзарып, түн қысқарып, еліміз елжіреп, жеріміз жұмсарып, Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түн теңеледі. Наурыз Қазақстандағы құнарлылықты, достық пен махаббатты білдіреді. Бұл күні адамдар әсем киініп, туған-туыстарына, достарына барып, жақсы тілектерін арнайды. Шығыс халықтары үшін Наурыз мейрамы Жаңа жылмен бірдей, өйткені екі мереке де жаңа өмірдің жаршысы болып саналады. Тіпті Наурыз мейрамының парсы тіліндегі атауының өзі «жаңа күн» дегенді білдіреді.

Осы мереке қарсаңында бөбекжай-бақшамызда «Наурыз мейрамы!» атты ойын-сауықтар ұйымдастырылды. Қазақ халқының атап кетуге болмайтын әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері өте көп. Өйткені, дәстүрлер Қазақстан аумағындағы ересектер мен балалардың өмірімен тығыз байланысты.

Мақпал әже қазақтың көнеден келе жатқан «Бесікке салу» ырымын көрсетті. Қарт данышпан Қыдыр ата «Ақ бата» батасын беріп, денсаулық, амандық тіледі.

Балалар «Киіз үй тігу», «Теңге жинау», «Арқан тартыс» ұлттық ойындарын тамашалады, «Қазақ қыздары» билерін биледі, өлең оқыды, «Бақыт» туралы диалог жүргізді. Мереке «шашу» рәсімімен аяқталды.

16.05.2023
Қаралым саны: 354

Мақаланы құрған күні CREATE_DATE

На главную